С. Төлеубекова: Жұмыспен қамту жол картасы - бұл ауылдықтарға ерекше көмек

Ол саудамен айналысады, «Кәсіпкерлік бастаманы ынталандыру және ауылдарды кешенді дамыту» бағдарламасының бағыты бойынша шағын кредит алып, наубайхана ашты.
«Жыл басында «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы туралы естідім, Шахтинск Жұмыспен қамту орталығына консультация алуға бардым. Олар мені қаржылай қолдау қорына жіберді. Өтінімді қарап, сәуірде 3 млн теңге шағын кредит берді», - деді С. Төлеубекова.
Бұл қаражатқа наубайхана жабдықтары сатып алынды. Кәсіпкер ауылдықтарды нанмен қамтамасыз етеді. Алда өткізу нарығын кеңейтуді жоспарлауда.
«Әрине, мемлекеттен жақсы көмек. Төмен пайызбен өз ісіңді дамытуға ақша алуға болады. Бұған дейін Долинкаға нан сырттан әкелінетін, енді өзіміз пісіреміз», - деп атап өтті бағдарлама қатысушысы.
Шахтинск жұмыспен қамту орталығында қазір тағы 13 өтінім қаралып жатыр.