«Сәбиқұмарлар» көбейіп барады. Неге? - БАҚ-қа шолу

АСТАНА. 14 ақпан. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» агенттігі республикалық басылымдарда 14 ақпан, бейсенбі күні шыққан өзекті материалдарға шолуды ұсынады.
None
None

***

Қазақстанда балама қуат көз­­дерін іздестіру мен пайдала­ну­ды талқылап қана қоймай, оны тұрақты дамыту бүгінгі күнде өзекті мәселеге айналуда. Осы тақырыпты қаузаған «Егемен Қазақстанның» бүгінгі санындағы «Ауылдағы арзан отын» деген мақалада Бұланды ауда­нының Капитонов ауылдық окру­гіндегі «Журавлевка-1» ЖШС күн қуатын қазірден бастап пайдалануға болады деген қорытындыға келгені айтылады.

«Біздің планетамыздағы белгілі қуат көздерінің ішінде күн энергия­сы «қайта қалпына келтірілетін» энергетикалық ресурстарға жататынын білеміз, яғни мұндай энергия сарқылмайтын энергия көзі болып табылады, - дейді мақала авторы.

Оның жазуынша, күн сәулесін алу қосымша қуат­ты қажет етпейді, салмақсыз, дыбыссыз және зиянсыз екендігі дәлелденген. Сондықтан, күн энергиясы жаңа мыңжылдықта ең тиімді қуат көзіне айналып отыр. Күн энергиясы суды ысыту үшін қажет отынды 90 пайызға де­йін, үйді жылытуға 50 пайызға де­йін үнемдеуге мүмкіндік береді.

Аталмыш ЖШС-ға қондырғыларды орнату жұ­мыстары күзде басталған, қа­­­­­зір­­гі кезде жүйе толық іске қо­сыл­­ды. Бүгінгі күні әкімшілік ғи­ма­ра­тына ғана жылу беріліп тұр. «Отынның бағасы жыл сайын өсіп келе жатқанын ескерсек, бұл салаға инвестиция салу өте тиімді болып табылады. Келешекте біз осындай күн батареяларын тікелей өндірісте пайдалануды жоспарлап отырмыз», дейді шаруашылықтың атқарушы директоры Сергей Ков­баса. Бұл жүйе күн коллекторынан, суға арналған бактан, су айдай­тын насос­тан және әр желідегі су­дың қы­зуын бақылап отыратын құрылғылардан тұрады. Оның жұмыс істеу әдісі де қарапайым: күн сәу­лесі коллекторға түсіп, онда­ғы қат­пай­тын сұйықтық антифриз­ды ысы­тады, ол өз кезегінде бак­та­­ғы суды жылытып, жылыған су ғимараттағы тізбекті жүйеге жіберіледі.



Елімізде балық шаруашылығын дамыту 2007-2015 жылдарға арналған бағдарлама негізінде қолға алынды. Бір адамға 14,6 келі балық деп тұжырымдаған Үкімет балық өсiру мен балық импортын жылына 272,0 мың тоннаға дейiн жеткiзуді көздеп отыр.

Қолдағы дерек көздері бойынша, Қазақстанда Каспий теңiзiн қоспағанның өзінде су тоғандарының жалпы ауданы 5 миллион гектар шамасында. Республика су тоғандарында тауарлық балық өсiру көлемi 1970 -1990 жылдар аралығында 0,6 мың тоннадан 9,8 мың тоннаға дейiн өстi немесе 14,2 eceгe дейiн артты. Тауарлық балық өсiру бойынша мұндай өсу қарқыны кезінде кеңестік республикалардың бiрде-бiрiнде болмаған екен. Бұл туралы «Егемен Қазақстан» газеті «Балықтың бағы қашан жанады?» деген мақалада жазып отыр.

Автордың айтуынша, дәрігерлердің есебіне сәйкес, азық-түлік нормасы бойынша әр адам жылына 14 келі балық жеуі тиіс. Осы стандартпен алатын болсақ, ел тұрғындарын балық және балық өнімдерімен түгелдей қамту үшін 230 мың тоннадай балық өндіру қажет. Сондықтан, еліміз импортқа тәуелді. Импорт демекші, негізінен балық және балық өнімдері Қазақстанға әлемнің 43 елінен, әсіресе Ресей, Норвегия және Қытайдан көптеп тасымалданады. Дүкен сөрелері толған шетелдік өнім. Бағасынан бас айналады. Мәселен, Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің дерегінше, 2011 жылы Ресейден 9007 тонна, Норвегиядан 25062 тонна, Латвиядан 6496 тонна, Вьетнамнан 4691 тонна, Эстониядан 2454 тонна, Қытайдан 2774 тонна балық өнімдері әкелінген.

«Керісінше, елімізде ауланып, өңделетін балықтың 60%-ы экспортқа кетіп жатыр. Өз ернімізге жетпестен, өткен жылдың қазан айынан бері еуроаумаққа біздің елден 3 мың тонна балық өнімдері экспортталыпты. Ресми дерекке сүйенсек, соңғы үш жылда елімізден 40 тонна бекіре тұқымдас балық, 10 тонна қара уылдырық шетке шығарылыпты. Қара уылдырықтың «көлеңкелі бизнесі» 92 пайызға жетіп жығылған. Елімізде өндірілген уылдырықтың 85 пайызын тек АҚШ сатып әкететін көрінеді», - дейді мақала авторы.

«Балық шаруашылығын дамыту үшін, ең алдымен, су мәселесін шешуіміз керек. Екіншіден, сол суларға балық жіберу қажет. Үшіншіден, балығы бар өзен-көлдерге қамқорлық жасалуы тиіс», - дейді Қазақ балық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты Ихтиология зертханасының меңгерушісі Хисмет Исмуханов.

***

Сырт көзбен қарасақ, қазіргі отандық телевизия қарыштап дамып келе жатқандай көрінеді: кейбір телеарналар әзіл-қалжыңды ситкомдар мен драмалық сериалдар түсіріп жатса, енді бірі реалити-шоулар мен интерактивті хабарларды көрермен назарына ұсынып жүр. Бірақ түптеп келгенде, отандық арналар өткен ғасырдың 90-жылдарының орта шенінен «сары басылымдардың» ізімен жүріп өтіп, енді ғана тәубесіне келіп жатқан ресейлік арналардың қателігін қайталап жатқан жоқ па деп қорқасың. Таяуда «НТВ» арнасында сенсацияны қуған «Максимум», «Развод по-русски» бағдарламалары жабылып, интеллектуалды әрі ағартушылық бағытындағы «Своя игра» хабары эфирге қайта оралды. Себебі көрермендердің өздері «Сарылықтан шаршадық, ұрпақты дүбәра етіп болдыңыздар!» деп наразылық танытқаны сол-ақ екен, «НТВ» арнасының басшылығы жаңа концепция ұсынып, бұдан былай салмақты жобалармен айналысуға серт етіп отыр. Жасырын емес, біздің отандық арналардағы кейбір продюсерлер «НТВ»-ны бүкіл адамзат тарихындағы ең үздік арна» деп таныған соң ба, соларға ұқсап бағам деп, әлі күнге дейін өсек-аяң, қауесет сөз бен дақпырт әңгіменің ізін қуалап жүр. Бұл туралы «Айқынның» бүгінгі санында «Даму ма, тоқырау ма?» деген тақырыппен сауалнама жүргізілген.

Бүгін тарихшылар «Қазақ хал­қы Ресей құрамында болған екі жарым ғасыр ішінде отарлау сая­сатына қарсы 300-ден астам кө­теріліс болғанын» айтады. Саясат­танушы Ерлан Қарин айтпақ­шы, біз оның небәрі он шақты­сын білерміз, ал қалған көтерілістер­дің белгісіз батырлары кімдер? Ақпараттық-идеологиялық са­лада біз өз тарихымызды ашпай, алға жылжи аламыз ба? Осы орайда басылым телевизия мен газет журна­лис­терінің алдына төмендегідей са­уалдарды төтесінен қойып, сауалнама жүргізген. Сауалнамада 1. Ұлттық телевизия қалай д­амуы керек? «Сары басылымдар» дертінен қалай арыламыз? 2. Ресейдің өзінде интел­лек­туалды шоуларға мән берілмек, олар да өсек-аяңнан, қауесет, дақ­пырттан пайда түспейтінін енді түсініп жатыр, ал бізде керісінше, қазір «сарылыққа» бой алдыру бай­қалмай ма? деген екі сұрақ қойылған.

Педофилия. Осы сөзді естісек болды, төбе шашымыз тік тұрады. Тіпті аталған сөзден біртүрлі жиіркеніп, қорқатын да болдық. Олай дейтініміз, елімізде кәмелеттік жасқа толмаған балаларды зорлау әрекеттері үдеп барады. Теледидарды қоса қалсақ болды, «бәлен жерде өрімдей қыз, кішкентай бала зорланды» деген ақпарат елді елең еткізеді. Мәселен, жуырда ғана айналасы жарты сағаттық жаңалықтың ішінде педофилдер туралы төрт бірдей ақпарат берілді. Жағамызды ұстаймыз, балаға зәбір көрсеткен жауызға іштей лағнет айтамыз. Бірақ одан сәбиқұмар қылмыскер­лер­дің саны азаяр емес. Бұл туралы «Айқын» газеті «Сәбиқұмарлар» көбейіп барады. Неге?» деген мақаласында жазады.

Басылымның мәліметінше, 2012 жылы еліміздің Қылмыстық кодексіндегі «кәмелеттік жасқа толмаған балаларды зорлау» деп аталатын 121-бап бойынша 120 іс тір­келген екен.

Мұндай сорақылық жалғыз біздің елде емес, көршілес Украина, Ресей, Молдова елдерімен қоса, АҚШ сияқты алпауыт мемлекетті де алаңдатып отыр. Әр мемлекет «педофилия» сынды қоғамды дендеген дертпен өз шама-шарқынша күресуде. Мәселен, Канадада ел парламенті сәбиқұ­мар­ларды қатаң жазалайтын заң жоба­сын ұсынбақшы. Бұған қоса зұлымның қолынан зәбір көрген балаларға да көмек көрсетіп, тиісінше қол ұшын созу бағдарламасы да қолға алынбақ. Ресейде бұрынғы президент, қазіргі премьер Дмитрий Медведев педофил­дерге химиялық сүндеттеу әдісін қол­дану керек деген пікірді ұсынып, тиісті заң жобасын дайындау керектігін айтқан болатын. Осыдан бірер уақыт бұ­рын отандық ғаламтор бетінде «Педофилдерді жазалауда қандай әдісті пай­даланған дұрыс?» деген сауал тас­талды. Сауалнамаға қатысушылар­дың біраз бөлігі, яғни 52,61 пайызы қыл­мыскерлерге өлім жазасы қолданылуы тиіс десе, 26,87 пайызы қоғамда кеңінен талқыланған «химиялық әдіс­пен» жазалауды қолдайтынын айтып­ты. Химиялық жолмен жазалау әдісі АҚШ, Канада, Швеция, Польша сынды бірқатар мемлекеттерде қолға алынғалы қашан. Молдовада өткен жылдың шілде айынан бері аталмыш әдіс жүзеге асырылып келеді. Бұл әдіс­ті қолдап, елдің Қылмыстық кодексіне қосқан молдовалық депутат Валерий Мунтяннің айтуынша, қылмыскерлер түрмеге тоғытылғанымен арам пиғы­лын іске асыруын бәрібір тоқтата ал­май­тынын айтады. «Жазасын өтеп, бостандыққа шыққан қылмыскер түбі сол пиғылын бостандықта тағы жү­зе­ге асырады. Мәселен, соңғы бес жыл­дың ішінде он бес қылмыскер бала­лар­ды зорлағаны үшін қайтадан темір торға тоғытылды» дейді Мунтян. Өткен жылы Ресей Думасы бірқатар пікірта­ластардан соң, ақыры сәбиқұмарларды химиялық сүндеттеу әдісі бойынша жазалауды мақұлдады. Сонымен қатар педофилдер өмір бойына бас бостан­дығынан айырылады. Қабылданған жаңа заңға сәйкес балаларды зорлаған зұлым қылмыскерлерді толыққанды медициналық һәм психологиялық тек­серістен өткізген соң ғана «химиялық сүндеттеу» әдісі қолданылады екен.

***

Бұған дейін қаптаған, бірін-бірі қайталайтын бағдарламаларды сынға алып, Елбасы Үкіметке оларды іріктеп, оңтайландыруды тапсырған болатын. «Алаш айнасы» газетінің бүгінгі санында аталған проблема жайын қозғаған мақала «Шикі бағдарламалардан ши шықты» деп аталады. Ендігі кезекте мемлекеттік бағдарламалардың ең қажеттісі нақтыланып, бюджет қаржысы да тиімді жұмсалатын болмақ. Ел экономикасын көтеруге бағытталған ірі жобаларға қатысты түйткілдерге «Алаш айнасы» өзінше талдау жасаған.

Газеттің Дат айдарымен берілетін кең көлемді сұхбат бетінде Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті қоры Ғаламдық экономика және саясат институтының директоры Сұлтан Әкімбековпен ашық әңгіме жүргізілген. Саясаттанушы, экономист ғалымның пікірінше, бүгінгі Тәуелсіз Қазақстан әлемдік қауымдастықта өз орнын бекемдеп үлгерді, алайда бізге босаңсуға болмайды. Өйткені еліміз үшін алда әлі талай жүзеге асыратын шаруалар жетерлік. «Көпвекторлы саясат ұстанған елдің айналадағы ахуалға бейтарап көзқараста болғаны дұрыс» деген тақырыппен берілген сұхбатта ғалым ел экономикасы мен сакясатындағы инновациялық реформалар турасындағы тосын ойларын ортаға салған.

«Алаш айнасының» өркениет бөлімінде Ғабит Мүсірепов театрында өткен «Фатима» атты жаңа спектакльдің қазіргі қазақ режиссурасындағы сәтті қойылым болып отырғандығы тілге тиек етілген. Ұлтқа үлгі боларлықтай Фатима анамыздың тағдыры арқылы қазақ әйелінің болмысын ашуға тырысқан жаңа қойылым жайлы талдау «Фатима - бүгінгі қазақты өткенімен қауыштырды» деген тақырыппен берілген.

Соңғы жаңалықтар