Сабыржан Аққалықов Моңғолиядағы Азия чемпионатында алтын алды

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстандық боксшы Сабыржан Аққалықов Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өткен Азия чемпионатының финалында жеңіске жетті. 

Сабыржан Аққалықов Моңғолиядағы Азия чемпионатында алтын алды
Фото: ҰОК

Отандасымыз 75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өзбекстандық Жавохир Абдурахимовпен жұдырықтасты.

Бірінші раундта Сабыржан 4:1 есебімен алға шықты. Екінші және үшінші раундтарда да басымдығын сақтап, төрешілердің шешімімен 5:0 есебімен жеңіске қол жеткізді.

Енді ел құрамасынан 8-жұпта Нұрбек Оралбай (85 келі) өзбекстандық Жасурбек Юлдошевпен шаршы алаңға шығады. Сондай-ақ 10-жұпта Айбек Оралбай (90 келіден жоғары) қытайлық Данабек Байкенжемен кездеседі.

Айта кетейік, бұған дейін Оразбек Асылқұлов (60 келіге дейін) алтын алса, Төрехан Сабырхан (70 келіге дейін) күмістен алқа тақты.