Садақ атудан Испаниядағы Әлем кубогына қатысатын қазақстандықтар анықталды
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан құрамасы садақ атудан Испанияның Мадрид қаласында өтетін Әлем кубогының кезеңіне қатысады, деп хабарлайды ҰОК баспасөз қызметі.
Алдағы жарысқа қатысушылар тізімін халықаралық World Archery федерациясы жариялады.
Қазақстан құрамасының тізімі төмендегідей.
Классикалық садақ ату: Ильфат Абдуллин, Денис Ганькин, Дастан Каримов, Дәулеткелді Жаңбырбай, Медина Мұрат, Алина Тимралиева, Александра Землянова, Самира Жұмағұлова.
Блоктық садақ ату: Ақбарәлі Қарабаев, Бунед Мирзаметов, Мұса Ділмұхамет, Андрей Тютюн, Виктория Лян, Диана Юнусова, Роксана Юнусова, Адель Жексенбинова.
Айта кетейік, Әлем кубогының кезеңі 7-12 шілде аралығында өтеді.
Осыдан бұрын садақшы Дәулеткелді Жаңбырбай Түркиядағы Әлем кубогы кезеңінде 13-орын алғанын жазғанбыз.