Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Садақ атудан Қазақстан чемпионаты: қай өңірдің спортшылары финалға шықты

АСТАНА. KAZINFORM – Орал қаласында өтіп жатқан ел чемпионатында классика және компаунд бәсекелері бойынша ересек, U29 және U21 санаты бойынша финалистер белгілі болды. Бұл туралы Спортты дамыту дирекциясы хабарлады.

а
Фото: Спортты дамыту дирекциясы

10 облыс сынға түскен бәсекеде 4 өңірдің өкілдері алтын жүлдеге талас жүргізеді.

Финалистер саны:

Жетісу облысы - 8 спортшы

Шымкент қаласы - 5

БҚО - 4

Ақмола облысы - 3

Алматы облысы - 3

Астана қ. - 1

Жеке сайыстың финалдары 31 шілде күні күні өтеді және Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі. Ал ертең командалық пен аралас жұптық сында жеңімпаздар анықталады.

Жарысқа еліміздің түрлі өңірлерінен 250-ден астам спортшы, оның ішінде Қазақстан ұлттық құрамасының мүшелері қатысып жатқанын жазған едік.