Садыр Жапаров Қазақстан халқын Конституциялық реформаны сәтті өткізуімен құттықтады

АСТАНА. KAZINFORM – Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысында Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров Қазақстан халқын жаңа Конституция қабылдауымен құттықтады.

Тоқаев
Фото: Ақорда

- Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа және Қазақстан тарабына бүгінгі іс-шараны жоғары деңгейде ұйымдастырып, әдеттегідей жылы қабылдағаны үшін алғыс білдіремін. Сізді және Қазақстан халқын Конституция реформасын сәтті өткізгендеріңізбен құттықтаймын! Бұл түрленудің бәрін жан-жақты қолдаймыз. Сіз басшылық етіп отырған еліңіз Жаңа Қазақстанды құру жөніндегі мақсатының бәріне жететініне кәміл сенімдіміз, - деді Қырғыз Республикасының басшысы.

Сондай-ақ ол Еуразиялық экономикалық одақтың органдарына Қазақстан төрағалық етіп отырған кезең әлемдегі экономикалық байланыстардың жаңа тәсілдерге көшіп жатқан сәтімен дөп келгенін атап өтті.

Айта кетейік, Астана қаласында Қазақстан төрағалығы аясында Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің екі күндік отырысы өтіп жатыр.