Садыр Жапаров Қырғызстан Президенті ретінде ресми тіркелді

Электорат тізімен жалпы саны 3 563 574 сайлаушы енгізілген. Оның ішінде 10 қаңтар күні өткен Президент сайлауына 1 395 513 дауыс беруші қатысты, яғни 39,16%.
Президенттікке үміткер Жапаров Садыр электораттың 1 105 248 дауысына немесе барлық сайлаушылардың 79,20% қолдауына ие болды.
Өзге кандидаттар: Мадумаров Адахан - 94 741 дауыс (6,79%), Толбаев Бабыржан - 32 979 дауыс (2,36%),
Арстанбек Мыктыбек - 23 583 дауыс (1,69%), Сегізбаев Абдил - 20 335 дауыс (1,46%), Ташов Имамидин - 16 383 дауыс (1,17%), Сооронкулова Клара - 14 005 дауыс (1,00%) жинады.
Айта кетейік, президенттікке барлығы 18 кандидат үміткер болды.
Сайлау бюллетеніндегі «Барлығына қарсы» бағанына белгіні дауыс берушілердің 18 673-і немесе 1,34% қойған.
«Қырғызстанның Сайлау және референдумдар өткізу жөніндегі орталық комиссиясы сайлауға қатысқан барлық сайлаушылардың 79,20% дауысына ие болған Жапаров Садыр Нургожоевичті Қырғызстан Президенті ретінде таныды. ҚР ОСК қаулысымен Жапаров Садыр Нургожаевичті Қырғызстан Президенті ретінде тіркеу, оған ҚР Президенті ретінде сайлануы туралы куәлікті беру, айырықша белгілер – төсбелгі мен оның аты-жөні және лауазым мерзімі жазылған Президент Штандартын (туын) тапсыру белгіленді», - делінген ақпаратта.
Еске салайық, биылғы 10 қаңтарда Қырғызстанда мерзімінен бұрын Президент сайлауы өтті.