Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Сафар Шакеевті іздеу штабының орны ауысты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматыда із-түзсіз жоғалып кеткен Сафар Шакеевті іздеу штабының орны ауысты. Бұл туралы Facebook-те Шакеевтер отбасының досы Виктория Момынбаева хабарлады.

Сафар Шакеевті іздеу штабының орны ауысты

«21 шілде күні Сафар Шакеевті іздеу штабы Шаңғы трамплині аумағына ауысады. Жиналатын уақыт - таңертеңгі 10:00-де. Байланыс телефоны +77079500091», - деп жазды ол.

Айта кетейік, бұған дейін іздеу жұмыстарына ҚР ІІМ ТЖК жедел-құтқару жасағының сүңгуірлері қосылған. Олар Весновка өзенінде Шевченко көшесінен Райымбек даңғылына дейінгі аралықта іздеу жұмыстарын жүргізеді.

Сондай-ақ, еріктілер көлік жүргізушілерінен видеотіркеушілерге түскен видеоларымен бөлісуді сұрап отыр.