Сағынтаев Экономика мәселелері жөніндегі сараптама кеңесінің отырысын өткізді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен Экономика мәселелері жөніндегі сараптама кеңесінің кезекті отырысы өтті, деп хабарланды primeminister.kz сайтында.
None
None

Отырыс барысында монополияға қарсы реттеу жүйесін дамыту мәселелері талқыланды.

Талқылауға «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетов, «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов, Қазақстан Салық төлеушілер қауымдастығының басқарушы кеңесінің төрайымы Ж. Ертілесова, «Қазақ мұнай және газ институты» АҚ бас директорының кеңесшісі Ж. Күлекеев, «Ракурс» экономикалық талдау орталығы» қоғамдық қорының директоры О. Жандосов, «Oil Gas Project» ЖШС директоры Ж. Ахметов, «Қазақстан халық банкі» АҚ басқарма төрайымы Ү. Шаяхметова, «Қоғамдық мәселелерге талдау жасау орталығы» қоғамдық қорының директоры М. Махмұтова, «Астана» халықаралық ғылыми кешені» орталығының басшысы А. Боранбаев және т. б. қатысты.

Соңғы жаңалықтар