Сақтандыру нарығы банк сияқты дағдарыс мәселесін сезінбеді - Б. Уманов
АЛМАТЫ. 15 наурыз. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - "Банк дағдарысы жөнінде естіген шығарсыздар, бірақ сақтандыру нарығында ондай ештеңе болған жоқ", - деді бүгін Алматыда «Еуразия» сақтандыру компаниясы» АҚ басшыларының сақтандыру секторының қазіргі ахуалы мен даму бағыты туралы баспасөз мәслихатында Борис Уманов.
«Сақтандыру нарығы дағдарыс мәселесін мүлде сезінбеді десе де болады. Барынша сәтті және сәттілік жолдас болмаған компаниялар да бар", - дейді «Еуразия» СК» АҚ-ның Басқарма төрағасы Борис Уманов.
Оның айтуынша, сақтандырушылар Қазақстан экономикасын тұрақтандыруда үлкен рөл атқаруда. Ол тек төтенше жағдайларда ғана бағалануда. Нарық біртіндеп қалпына келуде. 2010 жыл басталған оң үрдіс жалғасуда. Осыған орай биыл «Еуразия» сақтандыру компаниясы өз капиталын ұлғайтуға 7-8 миллиард теңге жұмсағалы отыр.