Сақтандыру нарығындағы бәсекелестік биыл нығая түседі - Дмитрий Жеребьятев
АЛМАТЫ. 30 қаңтар. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Биыл сақтандыру сыйақысын жинау азаюы мүмкін. Оны «Көммеск-Өмір» сақтандыру компаниясы» АҚ-ның Басқарма төрағасы Дмитрий Жеребьятев бүгін Алматыда өткізген баспасөз мәслихатында айтты.
Сақтандыру сыйақысының өсімі биыл өткен жылғыдай 25 пайыз болмайды. Д. Жеребьятевтің айтуынша, бұған реттеушінің қайтасақтандыруға байланысты талабы мен сақтандыру компанияларының салық салудың жалпы жүйесіне көшу түрткі болмақ. Енді нақты нарықтық сақтандырумен айналысатын компаниялардың дәуірі келді.
«Сақтандыру нарығындағы біздің үлесіміз біршама ұлғаяды. Компания ақпараттық технологиялар жүйесіне көшіп, қызметті жетілдіруге барлық күш-жігерін жұмылдырмақ. Енді Call-орталықпен бірге жеке қызмет көрсету қатар дамытылады. Ол сақтандыру нарығындағы жаңалық болғалы отыр», - дейді Дмитрий Жеребьятев.
6 ақпаннан бастап сақтандыру компаниясы Алматыда «Шұғыл ұсыныс - 5000 GSM» акциясын бастағалы отыр. Корпоративтік сайттағы Е-рау жүйесі арқылы көлік құралы иесінің азаматтық-құқықтық жауапкершілікті міндетті сақтандыру полисіне төлем енгізген әрбір клиент сыйлыққа 5 мың GSM бірлік алады. Бұл уақытты үнемдеуге және жаппай сақтандыру өнімін тартымды етуге мүмкіндік береді деп жоспарлануда.