«Саламатты Қазақстан» бағдарламасының жетістіктерінен біз үлкен әсер алдық - ДДҰ Еуропа бюросының аймақтық директоры

АЛМАТЫ. 6 қараша. ҚазАқпарат - Қазақстанда өмір сүру жасын ұзарту, бала өлімі және шылым шегуді азайтуда біршама ілгерілеушіліктерге қол жеткізілген.
None
None
Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) Еуропа бюросының аймақтық директоры Якаб Жужанна бүгін медициналық-санитариялық алғашқы көмек (МСАК) жөніндегі Алматы декларациясының 35 жылдығына арналған халықаралық конференцияда айтты. Оның айтуынша, 2014 жылы Алматыда ДДҰ-ның МСАК жөніндегі әлемдегі тұңғыш кеңсесі ашылады. Ол тек Қазақстан ғана емес, әлемнің 54 мемлекеті мүше болып табылатын Ұйымның Еуропа бюросы үшін инновацияларды дамытуда жетекші рөл атқаратын болады.
Соңғы жаңалықтар