«Саламатты Қазақстан» пойызында телемедицина арқылы ғылыми орталықтардың мамандары кеңес беріп отырады

Бейнеу орталық аудандық аурухананың бас дәрігері облыс орталығынан 500 шақырым қашықтықта орналасқан аудан тұрғындары жоғары мамандандырылған медициналық көмекке мұқтаж болғанын, енді телемедицинаның арқасында мұндай көмек тұрғындарға қолжетімді бола түскенін жеткізді. Өз кезегінде, Қостанай облысы Жангелді ауданының бас дәрігері тұрғындар арасында шапшаң көлік медицинасына сұраныс зор екендігін атап өтті. Ал ұлттық орталықтардың басшылары ең шалғай елді мекендердегі пациенттерге жоғары мамандандырылған көмек пен телемедициналық қызмет көрсетуге дайын екендерін мәлімдеді.
Денсаулық сақтау министрі көлік медицинасының, оның ішінде медициналық пойыздардың дамуы арқасында көптеген пациенттер дәрігерлердің алдына ұзақ жылдар ішінде алғаш рет келгендерін айтты. Кейбір пациенттердің асқынған аурулары анықталды. Дәрігерлер өткір және созылмалы патологиялар, қатерлі ісік мен туберкулез ауруларын алғашқы сатысында анықталды. Барлық пациенттер қажетті алғашқы көмек, кәсіби кеңестер және жақын орналасқан медициналық орталықтарға ары қарай емделуге жолдама алды.
Медициналық пойыздардың бұған дейінгі үш сапары барысында 148 станция мен елді мекендерде барлық жастағы және әлеуметтік топтағы 62 075 адамға қызмет көрсетілді. 500-ге жуық шағын операция жасалып, тіс дәрігерлері 9 мыңнан астам адамды емдеді. Сапар барысында әрбір келуші 3-4 маманның қабылдауында болды. УДЗ, ЭКГ және тағы басқа медициналық-лабораториялық зерттеулер өткізілді. Сапар барысында дәрігерлер «соңғы келушіге дейін» қағидасы бойынша жұмыс істеді, науқастардың үйлеріне де барды.
Медициналық пойыздар мен олардың қызметкерлері маңызды және жауапты міндет орындауда.
«Саламатты Қазақстан» поезының жұмысы отандастарымыздың денсаулығын нығайтуға және хал-жағдайларының жақсаруына сүбелі үлесін қосуда.