«Салауатты тамақтану - денсаулық пен ұзақ ғұмырға апарар жол» тақырыбымен журналистер арасында шығармашылық сайысы өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Ұлттық салауатты тамақтану орталығы» қоғамдық бірлестігі ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің тапсырмасы бойынша жүзеге асырылатын «Халық арасында салауатты тамақтану және азық-түліктердің қауіпсіздігі бойынша дағдыларды қалыптастыру» жобасы аясында «Салауатты тамақтану - денсаулық пен ұзақ ғұмырға апарар жол» атты журналистер шеберлігінің сайысы өтетіндігін хабарлайды.
None
None

Сайысқа қатысу шарттары мен мерзімі туралы қосымша ақпаратты 8 (727) 375-23-13 нөмірі арқылы білуге болады.

Сайыс келесі номинациялар бойынша:

1) салауатты тамақтану туралы теледидарлық ең үздік сюжет;

2) салауатты тамақтану туралы газеттегі ең үздік мақала;

3) салауатты тамақтану туралы интернет-порталдағы ең үздік мақала;

4) салауатты тамақтану туралы ең үздік радио-сюжет қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі.

Өтініш 2015 жылдың 15-ші қарашасына дейін қабылданады.

Соңғы жаңалықтар