09:01, 02 Маусым 2010 | GMT +5
«Сәлеметсіз бе, мен учаскелік инспектормын» акциясының аясында павлодарлық инспекторлар 3860 үй мен пәтерді аралап шықты
ПАВЛОДАР. Маусымның 2-сі. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Мамырдың 1-інде басталған «Сәлеметсіз бе, мен учаскелік инспектормын» республикалық акциясының барысында павлодарлық учаскелік инспекторлар 3860 пәтер мен үйді аралап шықты, деп хабарлады қалалық ішкі істер басқармасының баспасөз қызметінен.
Отбасының шырқын бұзушы 10 жанжалқой, 20 алкоголик және алты нашақор профилактикалық есепке қойылды. Отбасындағы бұзақылық әрекеттері үшін және қоғамдық орындарда мас болып жүргендері үшін 77 адам әкімшілік жауапқа тартылды.
Акцияның қорытынды кезеңінде, маусымның 6-сында полиция басшылары мен инспекторлардың халықпен кездесулері өтеді - павлодарлықтардың учаскелік инспекторлардың жұмыстары туралы пікірлері тыңдалады, құқық бұзушылықтардың алдын алу проблемалары талқыланады.