Салмағы 140 келіден асқан ер адамдар мейрамханада тегін тамақтана алады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайлық Чунцин қаласында орналасқан мейрамхана өз клиенттеріне салмақтарының көлеміне байланысты есептелетін жеңілдіктерді ұсынды. Бұл туралы Foodbeast хабарлады.
None
None

Мекемеде ер адамдар үшін жеңілдіктер олардың салмағының көбеюіне пропорционалды өседі. Үлкен жеңілдік алғысы келген әйелдерге керісінше, аз салмақта болу керек.

Салмағы 140 келіден асқан ер адамдарды мейрамхана тегін тамақтандыруға сөз берді. Бұл салмағы 34,5 келіден аспайтын әйелдерге де тиесілі.

Бұған дейін Шанхай қаласында орналасқан басқа қытайлық мейрамхана клиенттерге осындай акцияға қатысу ұсынысын жасаған. Келушілерге жасалатын жеңілдік олардың бойымен есептелген.

Соңғы жаңалықтар