Салмағы небәрі 54 келі талдырмаш әйел жүк көлігін орнынан қозғалтады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлыбританияда елдің ең мықты азаматшасы табылды. 31 жастағы салмағы небәрі 54 келі Кэтрин Бартлетт 160 келілік заттарды көтеріп, жүк көлігін орнынан жылжыта алады.
None
None

Кэтриннің спортпен айналысып келе жатқанына үш жыл. Нәтижесі де жаман емес. Саутгемптон тұрғыны, екі баланың анасы спорт үшін шаштараздық жұмысын тастаған, деп жазды Daily Mail.

Кэтриннің сөзіне қарағанда, ол теледидар арқылы жарыстарды көріп, спорттың бұл түріне қызыға бастаған.

Енді ол Ұлыбританиядағы сындарға ғана қатысып қоймай, сонымен бірге еуропалық және әлем чемпионаттарында бағын сынап жүр.

Соңғы жаңалықтар