Салтанат Тұрсынбекова Қазақстандағы ана мен бала өлімі тақырыбын көтерді

None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы президенттігіне кандидат Салтанат Тұрсынбекова Қазақстандағы ана мен бала өлімі тақырыбына арналған жиын өткізді. Жиын Атырау қаласында ұйымдастырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат кандидаттың штабына сілтеме жасай отырып.

Еске салайық, Салтанат Тұрсынбекованың еліміздің батысында үгіт-насихат жұмыстарымен жүргеніне екінші күн болды. Кеше ол Yessenov университетінің оқытушыларымен, студенттерімен және түлектерімен, сондай-ақ жалғызбасты, әскерге шақырылғандардың аналарымен кездесулер өткізді.

Айта кетейік, сайлау алдындағы үгіт-насихат 2022 жылғы 21 қазанда басталды және сайлаудан бір күн бұрын, яғни 19 қарашада аяқталады. 19 қараша – республика бойынша тыныштық күні. Ал, 20 қарашада президент сайлауы өтеді


Соңғы жаңалықтар