Салтанат Тұрсынбекова тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күреске мән беріп отыр
АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР президентін сайлауда кандидат Салтанат Тұрсынбекованың республикалық штабының басшысы Назым Жанғазинова «Atameken Business» телеарнасына сұхбат берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Н. Жанғазинова өз сөзінде кандидат С. Тұрсынбекова өмір бойы құқық қорғау, заң саласында қызмет еткенін еске салды. Сонымен қатар ол соңғы 5 жылда тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күресу барын салып, әйелдер мен балаларға қатысты қолдау іс-шараларын ұйымдастырып келеді.
Бұл тұрғыда С. Тұрсынбекова өңірлердегі дағдарыс орталықтары мен отбасын қолдау орталықтарының өкілдерімен тығыз байланыста жұмыс істеп отыр.
Естеріңізге сала кетейік, сайлау алдындағы үгіт-насихат 2022 жылғы 21 қазанда басталды және сайлаудан бір күн бұрын, яғни 19 қарашада аяқталады. 19 қараша – республика бойынша тыныштық күні. Ал, 20 қарашада Президент сайлауы өтеді.