Салық комитеті «Салық төлеушінің бөлмесі» web-қосымшасын тәжірибелік ұсынуды енгізді

АСТАНА. Наурыздың 27-сі. ҚазАқпарат /Мұратбек Мақұлбеков/ – ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті «электрондық Үкіметті» дамыту аясында 2009 жылғы наурыздың 20-сында «Салық төлеушінің бөлмесі» web-қосымшасы тәжірибелік ұсынысын енгізді,

Салық комитеті «Салық төлеушінің бөлмесі» web-қосымшасын тәжірибелік ұсынуды енгізді
деп хабарлайды ҚазАқпарат Салық комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Салық төлеушінің бөлмесінің мақсаты - салықтық есептілік нысанын клиенттік қосымшаны пайдаланбай электрондық түрде автоматтандыру, салық органдарында ақпаратты ұсынудың шұғылдығын және салық төлеушілер үшін салық органдары жұмыстарының мөлдірлігін арттыру болып табылады. Салық төлеуші бөлмесі ерекшеліктерінің бірі ? ҚР Қаржы министрлігі Салық комитетінің Web-ресурстарында салық төлеушілердің жеке ақпараттық кеңістігінің болуы. Салық төлеуші Интернетке қатынауға өзіне қолайлы кез келген жерден салықтық есептілікті даярлауға және тиісті салықтық органға жіберуге мүмкіндігі бар. Ол салықтық есептілікті өңдеу нысанын қабылдау, өңдеу; бет-шоттың ағымдағы жай-күйін қарау; бет-шоттан үзінді жазба алу; салықтық есептілік нысанын қабылдау туралы; салықтық берешек жөнінде хабарламаны алу; xml және pdf форматында алдын-ала даярланған салықтық есептілік нысанын Салық төлеушінің бөлмесіне жіберу бойынша мәртебесін қадағалай алады.Салық төлеушінің бөлмесінде жұмыс істеу үшін ҚР Қаржы министрлігі Салық комитетінің басқару орталығы берген криптографиялық кілт қажет.Салық төлеуші бөлмесінің web-қосымшасы мына мекен-жай: http://cabinet.salyk.kz бойынша қолжетімді. Онда Салық төлеуші бөлмесінің реттелуі және жұмысы бойынша егжей-тегжейлі нұсқаулық және пайдаланушының нұсқаулығы орналастырылған.