Салық органдары заңды және жеке тұлғалардың есепшоттары бойынша операцияларды тоқтату мүмкіншіліктерін өздерінің баюы үшін пайдаланды

АСТАНА. 15 наурыз. ҚазАқпарат - Салық органдары заңды және жеке тұлғалардың есепшоттары бойынша операцияларды тоқтату мүмкіншіліктерін өздерінің баюы үшін пайдаланды.
None
None

Бұл туралы бүгін ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа және көлеңкелі экономикаға қарсы күрес жөніндегі қоғамдық кеңес отырысында аталған ведомство басшысының орынбасары Талғат Татубаев мәлім етті.

«Салық кодексінің 609-бабына сәйкес салық органдары салық міндеттемелерін орындамаған немесе дер уақытында орындамаған жағдайда заңды және жеке тұлғалардың есепшоттары бойынша операцияларды тоқтату мүмкіншілігіне ие. Сонымен бірге салық органдарының қызметкерлері бұл басымдықты жеке бастарын байыту үшін пайдаланды», - деді Т.Татубаев.

Мәселен, өткен жылы салық полициясы органдары Атырау қалалық салық басқармасының бөлім бастығына қатысты қылмыстық іс қозғаған. Ол есепшотқа салынған тыйымды алып тастау және құжаттарды рәсімдеу үшін 70 мың теңге көлемінде пара алған.

«Біздің көзқарасымызша, салық органдары тарабынан теріс пайдаланушылыққа жол бермеу мақсатында салық төлеушілердің есепшоттарына шектеу қою процедурасын қайта қарау қажеттігі туындап отыр», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар