Салық органдарының қызметкерлері бұрынғыдай парақорлыққа бейім болып отыр - Қаржы полициясы

АСТАНА. Наурыздың 18-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Салық органдарының қызметкерлері бұрынғыдай парақорлыққа бейім болып отыр.

Салық органдарының қызметкерлері бұрынғыдай парақорлыққа бейім болып отыр - Қаржы полициясы
Бүгін Астанада өткен брифингте Қаржы полициясының ресми өкілі Мұрат Жұманбай осылай айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Астана қаласында «Алматы» ауданы салық комитетінің жеке тұлғалар аудиті бөлімінің бастығы Байтасов сотталды. Ол жеке кәсіпкерден салық мөлшерін төмендеткені үшін 1 900 АҚШ доллары мөлшерінде пара алу фактісі бойынша 3 жылға бас бостандығынан айырылды», - деді брифингте ресми өкіл.М. Жұманбай Шығыс Қазақстан облысында Семей қаласы Салық басқармасының шағын және орта бизнес субьектілері әкімшілерінің бас салық инспекторының ісі сотқа жіберілгенін айтты. Ол ЖШС-лардың бірінің тарапынан әкімшілік құқық бұзушылық фактісін анықтай отырып, әкімшілік жауапкершілікке тартпау үшін серіктестіктің директорынан 230 мың теңге пара сұраған. Айыпталушы тұтқынға алынды.