Салықтан жалтарғаны үшін сот Мессиге 2 миллион еуро айыппұл салды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Барселона» форварды Лионель Мессиге сот салықтан жалтарғаны үшін 2 миллион еуро айыппұл салды, ал футболшының әкесі 1,5 миллион еуро төлейді, деп хабарлады Рейтер.
None
None

Сәрсенбі күні сот Месси мен оның әкесін салық төлеуден жалтару ісі бойынша айыпты деп танып, 21 ай түрмеге жабу туралы үкім шығарды. Соттың айтуынша, екі фигурант та шешім туралы жоғарғы сотқа шағым түсіре алады. 

Соңғы жаңалықтар