Салықтан жалтарып, мемлекетке 21 млн. теңге залал келтірген кәсіпкер сотталып тынды

ОРАЛ. Наурыздың 3-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - «Сан-Прима» ЖШС басшысы Алексей Саратовцев 2006-2007 жылдары салық декларациясына бұрмаланған мәліметтерді енгізу арқылы мемлекетке 21 млн. теңге залал келтірді.
None
None
Облыстық экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің баспасөз қызметінен ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, салықтан жалтарған кәсіпкерді Орал қалалық соты бір жылға бас бостандығынан айыруға, жазасын жалпы тәртіптегі түзету колониясында өтеуге үкім шығарды. Бұған қоса 5 жылға дейін кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығынан айырды. Мүлкі тәркіленіп, А.Саратовцевке 350 400 теңге көлемінде айыппұл салынды. Мемлекетке келтірілген залал да толықтай өндіріліп алынды.
Соңғы жаңалықтар