Салықты «е-үкімет» порталы мен «салық төлеушінің кабинеті» арқылы төлеуде бюджетке 10 млн. теңгеге жуық қаржы түсті

ТАНА. 14 қараша. ҚазАқпарат - www.egov.kz порталы арқылы қазақстандықтар көлікке, мүлікке және жер теліміне салықты онлайн режимінде төлей алады.
None
None

Өткен 10 ай ішінде «электрондық үкімет» порталы мен «салық төлеушінің кабинетін» қолданушылар 10 млн теңгеге жуық салықты интернет арқылы төледі, деп хабарлады ҚР Байланыс және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметінен.

«Электрондық үкімет» порталында салық төлеуден өзге, жеке және заңды тұлғалар салық төлеушінің салықтық берешегі жоқ (бар) туралы, Қазақстан Республикасы бойынша міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы анықтамаларды ала алады. Ол үшін қолданушының порталда тіркелуі және электрондық цифрлық қолтаңбаға ие болуы міндетті.

Анықтама алу туралы өтінімді толтыру барысында қолданушы өзіне қажетті құжатты таңдайды. Несие алу немесе зейнетақы төлемін тағайындау, тендерге қатысу үшін өтінім беруші «берешек қарызы бар немесе жоқ» екендігі туралы анықтаманың бірінші түрін таңдау қажет.

Ал, басқа елге тұрақты қоныс аударып кету үшін, заңды тұлғаның тұрақты мекемесінің не құрылымдық бөлімшесінің өз қызметін тоқтатуы немесе жойылуы туралы анықтама алу үшін «берешек қарызы бар немесе жоқ» екендігі туралы анықтаманың екінші түрін таңдауы керек.

«Салық органы» бөлімінде өтінім беруші салық төлеушінің тіркеу нөмірі (СТН) берілген органды көрсетуі тиіс. Салық берешегі туралы анықтама «электрондық үкімет» порталы арқылы да не болмаса құзырлы органға тікелей хабарласу арқылы алынған жағдайда да тегін беріледі.

Құрылымдық бөлімшелері жоқ жеке және заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер дайын анықтаманы өтінімді берген күннен бастап, үш жұмыс күнінен кейін ала алады.

Қалған жағдайларда анықтамалар 5 жұмыс күні аралығында беріледі. Алынған электрондық құжаттар порталды қолданушының жеке кабинетінде, «қызметті алу тарихы» бөлімінде сақталады.

Салық кодексіне сәйкес, салық берешегі жоқтығы (барлығы) туралы анықтаманы алуға өтінімді салық төлеуші (салық агенті) немесе оның оның құрылымдық бөлімшелері есептілік беру мерзімін ұзартпай, салық есептілігін ұсынбаған жағдайда анықтама берілмейді.

Бүгінгі күні www.egov.kz порталында ҚР Қаржы министрлігінің Салық комитеті бойынша 4 электрондық қызмет ұсынылған.

Соңғы жаңалықтар