08:17, 21 Желтоқсан 2009 | GMT +5
«Самал» оңалту орталығының балалары Аяз Атаға хат жазды - Павлодар
ПАВЛОДАР. Желтоқсанның 21-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодардағы «Самал» қоғамдық оңалту орталығының тәрбиеленушілері өздерінің жаңа достары - Инновациялық Еуразиялық университеттің студенттерінің көмегімен Аяз Атаға хат жазды.

Журналистика кафедрасының студенттері балалармен бірлесіп жаңажылдық шыршаны безендірді, ойындар ойнады, әңгімелесті. «Кездесу тамаша өтті. Біздің балаларымыз жаңа адамдармен танысу мүмкіндіктеріне әрқашан қуанады, олар жақсылыққа сондай әуес және қайырымды. Орталыққа қаладағы жоғары оқу орындарының студенттері жиі келеді, олар балаларды қоғамға бейімдеуге көмектесуде», дейді церебралды сал ауруымен ауыратын балаларды оңалту орталығының қызметкері Нина Москаленко.
Инновациялық Еуразиялық университеттің құрылтайшы кеңесі облыс пен қаланың балалар мекемелерімен ұзақ жылдар бойы ынтымақтасып келеді.