Samruk-Kazyna Construction басқарма төрағасының орынбасары тағайындалды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Samruk-Kazyna Construction» АҚ операциялық қызмет жөніндегі басқарма төрағасының орынбасары қызметіне Әлімжан Әбдраимов тағайындалды. Бұл туралы аталған ұйымның ресми Тelegram арнасында мәлім болы, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Samruk-Kazyna Construction» АҚ операциялық қызмет жөніндегі басқарма төрағасының орынбасары болып Әбдраимов Әлімжан Канатұлы тағайындалды. Ол бұған дейін «Karabatan Utility Solutions» ЖШС басқарушы директоры қызметін атқарған», - делінген хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ қоғамдық кеңесінің төрағасы Болат Жәмішев директорлар кеңесінің мүшесі, қордың тәуелсіз директоры болып тағайындалған болатын.