19:24, 30 Желтоқсан 2009 | GMT +5
Samsung-тің бұрынғы басшысына Олимпиада үшін кешірім жасалмақшы
АСТАНА. Желтоқсанның 30-ы. ҚазАқпарат - Оңтүстік Корея үкіметі Samsung корпорациясының бұрынғы басшысының - ең ықпалды бизнесмендердің бірінің атымен байланысты сыбайлас жемқорлық жанжалын - 2018 жылғы Олимпиаданың өткізілетін орнының құқығына қол жеткізуде елге көмектесуі үшін кешірім жасауға даяр,

деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.Руға сілтеме жасап.
Оңтүстік Корея әділет министрінің айтуынша, Ли Гон Хи толық кешірімге ие болады және Халықаралық олимпиада комитетіндегі лауазымын қайта атқаруға мүмкіндік алады.
Өткен жылы Ли Гон Хи салықтан жалтарғаны үшін үш жылдық шартты мерзімге және айыппұл төлеуге жазаға тартылған болатын.