«Самұрық-Энерго» компаниялар тобында бейінді емес 4 әлеуметтік нысан айқындалған

АСТАНА. 7 қараша. ҚазАқпарат - «Самұрық-Энерго» компаниялар тобында бейінді емес 4 әлеуметтік нысан айқындалған. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте аталған компания басқармасының төрағасы Алмасадам Сәтқалиев айтты.
None
None

Оның атап өтуінше, аталған нысандардың жалпы құны шамамен 120 млн. теңгені құрайды.

«Сөз балабақшалар мен демалыс үйлері жайында болып отыр. Олар жыл соңына дейін біздің акционердің шешіміне сәйкес иеліктен шығарылады», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар