«Самұрық-Қазына» қазақстандық қамтуды 55 пайызға жеткізеді

ТАНА. 18 қараша. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры сатып алудың қазақстандық мөлшерін 55% дейін жеткізуді жоспарлап отыр.
None
None

Жалпы, ағымдағы жылдың тоғыз айы ішінде «Самұрық-Қазына» қоры компаниялары 3 трлн. 430 млрд. теңгені құраған келісімшарттарды рәсімдеді. Оның аясында қазақстандық қамтудың деңгейі 49 пайызға дейін жетті. Енді, «Самұрық-Қазына» компаниясы бұл көрсеткішті 55 пайызға дейін көтеруді жоспарланып отыр.

2011 жылғы 9 айдың қорытындысы: «ҚазМұнайГаз» ҰК" АҚ (сатып алу сомасы шамамен 1,5 трлн. теңгені құрады, қазақстандық қамту - 47%), «Қазақстан темір жолы» ҰК АҚ (1,4 трлн. теңге, қазақстандық қамту - 48%), «Самұрық-Энерго» АҚ (227 млрд. теңге, қазақстандық қамту - 75%), «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ (160 млрд. теңге, қазақстандық қамту - 46%) және«Қазақтелеком» АҚ (37 млрд. теңге, қазақстандық қамту - 55%).

Соңғы жаңалықтар