«Самұрық-Қазына» компаниялар үшін корпоративтік басқаруда әрі ашықтықта үлгі болуы керек - Үкімет басшысы
АСТАНА. 24 қаңтар. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - «Самұрық-Қазына» компаниялар үшін корпоративтік басқаруда әрі ашықтықта үлгі болуы керек.
Бүгін «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қорының алқа мәжілісінін қорытындылаған ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов осылай деді.
Ел азаматтарының шешімдер қалай қабылданады, қаржы қайда жұмсалады сынды мәселелерді айқын білуі керектігіне баса тоқталған К.Мәсімовтің айтуынша, бұл алғашқы кезектегі міндеттердің бірі болуы керек. Яғни, алға қойылатын инфрақұрылым нысандары, темір жол құрылысы сынды тәжірибелік мәселелермен қатар қабылданатын шешімдер ашықтығы басты назар аударатын жайттардың біріне айналуы қажет.
«Қайрат Нығметұлы, «Самұрық-Қазына» қор құрамына кіретін барлық компанияларға, жеке бизнеске және толығымен алғанда экономикада корпоративтік басқаруда әрі ашықтықта үлгі болуы керек», - деді Үкімет басшысы.