«Самұрық-Қазына» қоры қаңтардың соңына дейін Ұлттық қордың облигацияларын сату арқылы 4 млрд. доллар қаржы тартуды жоспарлап отыр ? Қ. Келімбетов

АСТАНА. Қаңтардың 27-сі. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры қаңтар айының соңына дейін Ұлттық қордың облигацияларын сату арқылы 4 млрд. доллар қаржы тартуды жоспарлап отыр.
None
None
Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Қор басшысы Қайрат Келімбетов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Самұрық-Қазына» қоры Ұлттық қордың жарияланған 10 млрд. доллар аясында 4 млрд. доллар мөлшерінде қаржы тарту үшін облигацияларды шығару жөнінде жұмыс жүргізуде. Қаңтардың 13-інде Қордың директорлар кеңесі облигацияларды шығару туралы шарттарды мақұлдады. Содан кейін шығарылымның проспектісі дайындалып, мемлекеттік тіркеу үшін тиісті құжаттар қаржы нарығын қадағалау агенттігіне жіберілді. «Осылайша біз қаңтардың соңына дейін Ұлттық қорды басқару кеңесінің шешімі аясында Ұлттық қордың облигацияларын сатуды жүзеге асыруға дайынбыз», деді Үкімет отырысында Қ. Келімбетов.
Соңғы жаңалықтар