«Самұрық-Қазына» қоры шағын және орта бизнесті несиелеу бағдарламасы бойынша банктерді ақпанның басында қаржыландырыла бастайды

АСТАНА. Қаңтардың 27-сі. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - «Самұрық-Қазына» қоры шағын және орта бизнес субьектілерін несиелеу бағдарламасы бойынша екінші деңгейлі банктерді ақпанның басында қаржыландыра бастайды.
None
None
Кәсіпкерлер мемлекеттік бағдарлама бойынша қаржы алу үшін келесі айдан бастап банктерге өтініш жасауларына болады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Қор басшысы Қайрат Келімбетов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Отырыста Үкіметтің дағдарысқа қарсы бағдарламасы аясында «Самұрық-Қазына» қоры Алматы және Астана қалаларының әкімдіктерімен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойғанын еске салған Қ. Келімбетов: «Құжат аясында Алматыдағы шағын және орта бизнес субьектілерін қаржыландыруға 50 млрд. теңгеден, ал Астанаға 30 млрд. теңгеден кем емес қаржы беру көзделіп отыр», деді. Кәсіпкерлерге несиелер жылдық ставкасы 14 пайыздан аспайтын мөлшермен беріледі.Қазіргі таңда бағдарламаға қатысатын банктер және олар бойынша лимиттер анықталғанын жеткізген Қ. Келімбетов, Премьер-Министрден Экономиканы жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссияның таяудағы отырысына шағын және орта бизнес субьектілерін кредиттеу бағдарламасын және олар бойынша лимитті жүзеге асыруға қатысатын банктер мен қаржы ұйымдарының тізімін бекіту мәселесі бойынша тиісті тапсырмалар беруді сұрады. Қ. Келімбетовтың айтуынша, былтырғы жылғы банктермен өзара іс-қимыл тәжірибесін ескере отырып, Қор олармен арада жасалған келісім-шарттарда «транспаренттілік қағидатын», «әділеттілік қағидатын», «ашықтық қағидатын» қарастырған. Өз кезегінде Үкімет басшысы Экономиканы жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысы өтетінін және онда тиісті шешім қабылданатынын атап көрсетті.
Соңғы жаңалықтар