«Самұрық-Қазына» қоры техникалық және медициналық жоғары оқу орындарында оқитын үлгерімі жақсы студенттерге арнайы несиелік желі ашпақ

АСТАНА.Ақпанның 17-сі. ҚазАқпарат - ?Нұр-Отан? ХДП Бюросы Саяси кеңесінің ақпанның 12-сіндегі кеңейтілген жиылысындағы Елбасының арнайы тапсырысына сәйкес, «Самұрық-Қазына» Қоры медициналық және техникалық мамандықтар бойынша ақылы түрде оқып жатқан үлгерімі жақсы студенттерге қолдау көрсететін болды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат аталмыш қордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бұл мақсат бойынша ?Самұрық-Қазына» қоры 15 млрд. теңге көлеміндегі арнайы несиелік желі ашады. Ол несие желісі қор арнайы келісім түзетін банк-агентте болады. Қазір қор мен министрлік арасында Қазақстанның оқу орындарында оқитын студенттерді жеңілдікпен несиелеу арқылы қолдау үшін ынтымақтастық меморандумының жобасы дайындалып қойылды. Ол құжатқа байланысты, Білім және ғылым министрлігі студенттердің ол талапқа сай болуын анықтау арқылы банк-агент пен оқу орнын байланыстырады. Білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаев Үкіметтің жиылысында айтқанындай, «жеңілдетілген несиеге үміт артудағы негізгі талап: оқу үлгірімі жақсы болуы керек, бұған қоса әлеуметтік жағдайының беретін әсері бар. Яғни, жетім, мүгедек балалар, көпбалалы отбасыдан шыққан студенттер, немесе ата-анасы зейнеткер мен мүгедек болып табылатын студенттер жеңілдетілген несиеге үміт арта алады». «Самұрық-Қазына» қоры елдің инженерлік және медициналық активін толықтыру үшін ақылы оқу орындарында оқып жатқан үлгерімі жақсы студенттерді қолдау мақсатында оларды несиелеу үшін банк-агентті қаржымен қамтамасыз етуге шешім қабылдады.
Соңғы жаңалықтар