«Самұрық-Қазына» қорының бастамасымен үлестік құрылысты қолдауға бағытталған дөңгелек үстел отырысы өтті

АСТАНА. Желтоқсанның 23-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Бүгін  Астанада «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының бастамасымен  үлестік құрылысты қолдауға бағытталған дөңгелек үстел отырысы өтті,
None
None

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Отырысқа екінші деңгейдегі банктер, Қазақстан құрылысшылар қауымдастығы,  қоғамдық ұйымдар,  «Самұрық-Қазына» қоры және «Жылжымайтын мүлік қоры» АҚ, «Стресстік активтер қоры» АҚ, Астана мен Алматы қалалары  әкімшіліктерінің өкілдері  қатысты. Онда үлестік құрылыс мәселесіне қатысты қалыптасқан мәселелердің жайы талқыланған болатын. Осыған орай онда «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қорының Қаржы және даму институттарымен жұмыс істеу жөніндегі директоры Бақытжан Сәркеев қордың  жылжымайтын мүлік нарығындағы атқарған шараларын қорытындылады.

 Естеріңізге сала кетейік, аталмыш қор 2007 жылдан бастап, жылжымайтын мүлік нарығын қолдау мақсатында ауқымды іс-шаралар атқарды. Қазіргі таңда азаматтардың тұрғын үйге қатысты мәселелерін шешу және Астана, Алматы қалаларындағы  жылжымайтын мүлік нарығын жандандыру үшін  Үкіметтің 2007 жылға арналған және 2009-2010 жылдарды қамтитын бірлескен іс-қимылдар жоспарының  аясында, яғни, дағдарысқа қарсы бағдарлама негізінде бірнеше бастамалар жүзеге асырылуда. Олар бойынша құрылысы аяқталмаған нысандар 3 топқа бөлініп тиісті шаралар атқарылуда. Үлестік құрылысқа салынған қаржы кері қайтарылуы тиіс. Осыны ескере отырып, қор жұмсалған шығынды өтей алатын нысандарға ғана қаржы жұмсамақ. Олардың қатарына құрылыс жұмыстарының 10 пайызға жуығы аяқталған нысандарды жатқызуға болады. Ал қалған нысандар үшін Үкімет басқаша шаралар қолданбақ және  қолданылатын шаралар қазірдің өзінде айқындалып қойған.

Соңғы жаңалықтар