«Самұрық-Қазына» ҰӘАҚ бөлген депозиттерді орналастыруға қатысты келіссөздер аяқталды

АСТАНА. Қаңтардың 29-ы. ҚазАқпарат. Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарма төрағасы Қайрат Келімбетовті, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Үміт Шаяхметованы және «Қазкоммерцбанк» АҚ Басқарма төрағасы Нина Жүсіпованы қабылдады,

«Самұрық-Қазына» ҰӘАҚ бөлген депозиттерді орналастыруға қатысты келіссөздер аяқталды
деп хабарлады ҚазАқпаратқа Үкіметтің баспасөз қызметінен.Кездесу барысында «Самұрық-Қазына» ҰӘАҚ бөлген депозиттерді «Халық банкі» мен «Қазкоммерцбанкке» орналастыруға қатысты келіссөздер аяқталды.Банктер өкілдері 2 млрд.$ сомасындағы (әрқайсысына 1 млрд.$) бөлінген қаражатты орналастыруға толықтай дайын екендіктерін мәлімдеді. Қосымша қаржылық ресурстардың бөлінуі қаржы жүйесін тұрақтандыруға ықпал етіп, төлем қабілетін арттыруға және экономиканың нақты секторына бағыттауға арналған.Премьер-Министр банктерге бөлінген қаражаттың мақсатты жұмсалуы, экономиканы жандандыруға бағытталу керектігін айрықша атап өтті.