«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ еншілес компаниялары мен олардың стратегиялық әріптестері арасында бірқатар меморандумға қол қойылады

АСТАНА. Маусымның 2-сі. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Ертең, маусымның 3-де «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ еншілес компаниялары мен олардың стратегиялық әріптестері арасында 9 меморандумға қол қойылады деп күтілуде.
None
None

Бұл туралы ҚазАқпарат Қордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Меморандумға қол қойылғаннан кейін «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ Басқарма Төрағасы Қ.Келімбетовтың, «ҚазМұнайГаз» ҰК Басқарма Төрағасы Қ.Қабылдиннің, «Қазақстан темір жолы» ҰК Президенті А.Маминнің, «Қазатомөнеркәсіп» ҰК Президенті В.Школьниктің, «Самұрық-Энерго» Басқарма Төрағасы Е.Упушевтің, «KEGOK» ҰК Президенті А.Сәтқалиевтің және «Kazyna Capital Management» АҚ Басқарма Төрағасы А. Алпамысовтың қатысуымен брифинг өтеді», делінген баспасөз айғағында.

Соңғы жаңалықтар