21:06, 16 Маусым 2010 | GMT +5
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорында басқарушы директоры ауысты
АСТАНА. Маусымның 16-сы. ҚазАқпарат - Бүгін «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқармасының шешімімен мұнайгаз және электр энергетика активтерін басқару мәселелерін басқаратын басқарушы директор болып Данияр Рустемұлы Әбілғазин тағайындалды. Бұған дейін бұл қызметті басқа жұмысқа ауысқан Болат Оралұлы Ақшолақов атқарған еді.

41 жастағы Д.Әбілғазин 2008 жылдан бастап Қорда басқарма төрағасының кеңесшісі болып жұмыс атқарды. Мұнайгаз секторында 2000 жылдан бері қызмет атқаруда, соның ішінде 2000-2007 жылдары «ҚазМұнайГаз» ҰК жүйесінде. 1995 жылдан бастап Қаржы министрлігі жүйесінде жұмыс жасаған. Екі жоғары білімі бар: экономист және радиобайланыс инженері.