13:57, 30 Мамыр 2013 | GMT +5
Сан-Паулу тұрғындарын сүзген текенің шабуылын 3 млн. адам көрген
АСТАНА. 30 мамыр. ҚазАқпарат - Бейнероликтің қаһарманы атанған тоқал текенің Бразилиядағы Сан-Паулу қаласының тұрғындарын сүзіп,

оларға шабуыл жасаған бейнекөрінісін соңғы 3 күннің ішінде ғаламтордан 3 млн. адам көрген.
Бейнежазбадан жануар өзінің жанындағы досын адамдардан қорғаштап, жолдағы жүргіншілер мен мотокөлік иелеріне қарсы шабуыл жасағаны анық көрінеді. Тіпті тоқал теке бір әжейді сүзіп сұлатып, аяғымен таптап тастағысы келген. Осы сәтте оны көрген бір ер адам көмекке жүгіреді. Алайда оның үй жануарына шамасы келмей ағаштың артына тығылуға мәжбүр болған. Тек арада бірнеше сағаттан соң ғана бұзақы маталып, фермаға жеткізілді, деп жазады 24.kz.