16:04, 02 Наурыз 2009 | GMT +5
Санақ барысында Семейде жасы 100-ден асқан тұрғын анықталды
СЕМЕЙ. Наурыздың 2-сі. ҚазАқпарат /Лина Славина/ - Семейдегі Ұлттық санақ барысында жасы 100-ден асқан адам анықталды.
Оның біреуі шамамен 107 жаста екен. Бұл фактілер анықталу үстінде, деп хабарлайды қазАқпарат. Қалалық статистикалық бөлімнің ресми мәліметіне қарағанда, аймақта мемлекеттік маңызы зор науқан басталғалы бері 174 мың адам санақтан өткен, яғни, бұл жалпы тұрғынның 54 пайызы. Сауалнама жүргізілген жұртшылықтың 47 %-ы ер азаматтар болған.«Бәрі де жоспарға сай жүргізілуде», - деді қалалық статистика бөлімінің бастығы Валерий Караваев. ? Санақ барысында кездесетін қиындықтар аз емес, соның ішіндегі айтарлығы, жекелеген азаматтар санақшыларға сенім білдірмейді, сол себепті оларды пәтерлеріне кіргізбейтін жағдайлар анықталуда. Бұл жағдайда біздер пәтер иелері кооперативінің мамандарын немесе көрші тұрғындардың көмегіне сүйеніп, санақты ойдағыдай жүргізіп келеміз».