20:42, 02 Наурыз 2009 | GMT +5
Санақшылардың пікірінше, атыраулықтардың тұрмыстары жақсарған
АТЫРАУ. Наурыздың 2-сі. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ – Атырау облысында Ұлттық халық санағына 1 717 санақшы қатысуда, олар 66 009 тұрғын үйді аралап шықпақ,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Бүгінгі күнгі таңертеңге дейін облыс тұрғындарының 63,5 пайызынан сауалдама алынды. Бұл - 316 мың адам. Санақшылардың айтуынша, адамдардың басым бөлігі қазір Қазақстанда жүргізіліп отырған маңызды жұмысқа түсіністікпен қарайды.
1999 жылғы санаққа қатысқан санақшылардың атап айтқанындай көптеген атыраулықтардың тұрмыстары айтарлықтай жақсарған, бұл олардың үйлері мен пәтерлеріндегі жағдайдан-ақ көрініп тұр. Компьютерді меңгерген адамдардың саны да әлденеше есе артқан.