Сандуғаш Кенжебаева екінші рет Түркиядағы жарыстың чемпионы атанды

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстандық теннисші, 19 жастағы Сандуғаш Кенжебаева жұптық сында Анталия (Түркия) ITF W15 турнирінің чемпионы атанды.

Сандуғаш Кенжебаева
Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Қазақстандық теннисші чехиялық, 18 жастағы Элиска Тихачковамен бірге финалда жарыстың 2-ракеткалары, германиялық Софи Стойер – бельгиялық Амели Ван Импемен бас жүлдені сарапқа салды.

Қазақстандық-чехиялық жұп камбэк жасап, бір сағаттан сәл астам уақытқа созылған бәсекеде 1:6, 6:1, 10:8 есебімен жеңіске жетті. 

Бұл – Сандуғаштың жұптық сында ITF додаларындағы төртінші титулы 

Өткен аптада қазақстандық теннисші түркиялық Илай Йорукпен бірге Анталияда үздік шыққан еді.

С.Кенжебаева өткен жылдан бері Ақтөбе теннис мектебінің түлегі Артур Хайрутдиновтың қоластында жаттығып келеді. 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Аустралия ашық чемпионатында Елена Рыбакинаның төртінші айналымға шыққанын жазған болатынбыз.

Елена Рыбакина жарақаты туралы айтып берді

Сондай-ақ Заңғар Нұрланұлы «Үлкен дулыға» турнирінде алғашқы жеңіске қол жеткізді.

Соңғы жаңалықтар