11:07, 31 Қаңтар 2009 | GMT +5
Сандықтау ауданына жаңа басшы тағайындалды
КӨКШЕТАУ. Қаңтардың 31-і. Ақмола облысына қарасты Сандықтау аудандық мәслихатының 9-шы сессиясында мәслихат депутаттары облыс әкімі Альберт Раудың ұсынысын қолдап, аудан басшылығына Тасболат Қасеновті тағайындауға келісім берді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ауданның бұрынғы басшысы Өмірсерік Мұсабаев облыстық мәслихатқа депутат болып сайлануына байланысты бұл қызметтен босатылды. Жаңадан тағайындалған аудан әкімі Тасболат Шоланұлы 1955-ші жылы туған. Целиноград ауыл шаруашылығы институтында агроном мамандығын меңгерген. Еңбек жолын Есіл ауданындағы «Калачевский» кеңшарында бас агроном, «Дальный» кеңшарының директоры, Атбасар ауданының әкімі, Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы, соңғы он жылға жуық уақыттан бері облыстық көші-қон басқармасының бастығы, 2008 жылы Щучье ауданы әкімінің орынбасары қызметтерінде болған.