Сандықтау ауданында алғашқы күнбағыс майын өндіретін цех іске қосылды - Ақмола облысы
КӨКШЕТАУ. Ақпанның 12-сі. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Ақмола облысына қарасты Сандықтау ауданында күнбағыс майын өндіретін цех іске қосылды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ауылдағы тұңғыш өңдеу кәсіпорны жергілікті «Свободное» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қаржысына салынып, жұмысқа қосылған. Оған қажетті технологиялық жабдықтар Ресейдің Пенза қаласынан жеткізіліп, құрастырылды. Жаңа инновациялық жобаға серіктестік 45 миллион теңге инвестиция салып отыр. Кәсіпорынның учаске бастығы Владимир Терешиннің айтуынша, мұнда тәулігіне 10 тонна сұйық май өндіріліп, Астана мен Көкшетау қалаларына, аймақ тұтынушыларына жөнелтілетін болады. Қазір 12 адам жұмысқа тартылып, олардың орташа айлық табыстары 30 мың теңге мөлшерінде айқындалған. Бүгінде шаруашылық шикізат қажеттілігіне орай 500 мың гектарға күнбағыс егеді, келешекте оны мың гектарға жеткізу межеленген.