Сандықтау ауданының әкімі ауысты - Ақмола облысы

Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА-нің өңірдегі тілшісі хабарлайды.
Асылбек Сайлаубекұлы Исмағамбетов, 1967 жылы туған. Білімі жоғары, 1993 жылы Ақмола ауыл шаруашылық институтын зооинженер мамандығы бойынша, 2006 жылы Көкшетау экономика және менеджмент институтын экономика бакалавры мамандығы бойынша бітірді. Еңбек жолын 1993 жылғы тамызда Ақмола облысы Щучинск ауданы салық комитетінің инспекторы болып бастады. 1994 жылғы мамыр мен 2001 жылғы қараша аралығында Щучинск ауданы «Есіл» ЖШС-і директорының орынбасары болып қызмет атқарды. 2001 жылғы қараша мен 2005 жылғы желтоқсан аралығында - Щучинск ауданы «АТП-Есіл» ЖШС-ның директоры. 2005 жылғы желтоқсаннан Бурабай ауданы «Есіл-Агро» ЖСШ-ның директоры лауазымын атқарды. Ақмола облыстық мәслихатының депутаты болып сайланған. «Құрмет» орденімен, мерейтой медальдарымен марапатталған. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Кадр саясаты жөніндегі комиссияның шешімімен мемлекеттік қызметтің «А» корпусының кадр резервінде тұрды.