Сандықтауда психологиялық - педагогикалық түзету кабинеті ашылды - Ақмола облысы (ФОТО)

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Сандықтау ауданының Хуторок ауылында психологиялық - педагогикалық түзету кабинеті шылды. Аудандық білім бөлімінің ұйытқы болуымен ұйымдастырылған кабинеттің ашылу салтанатына аудан әкімі Асылбек Исмағамбетов, облыстық білім басқармасының басшысы Балым Ізбасарова, сондай-ақ педагогтар мен мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналары қатысты.
None
None

Аталған кабинет мүмкіндігі шектеулі жеті жасқа дейінгі балалардың білім алуына жағдай жасап, психологиялық -педагогикалық қызмет көрсету деңгейін арттыратын болады. «Мұнда эмоциялық және интеллектуалды дамуы нашар, ойлау, сөйлеу қабілеті төмен және тірек-қимыл аппаратында кемістігі бар балаларға педагог-психолог, логопед, дефектолог және денешынықтыру мұғалімі тәрізді мамандар тегін білікті және кешенді көмек көрсететін болады. Мамандар кабинет Монтессори материалдары, сенсорлы бөлме және ойын модулімен жабдықталған», дейді Балым Ізбасарова.

Соңғы жаңалықтар