Санкциялар Иранның бейбіт мақсаттағы ядролық бағдарламаларын тоқтата алмайды

АСТАНА. Сәуірдің 9-ы. ҚазАқпарат - Салынғалы отырған санкциялар Иранның ұстанымын өзгерте де, оның бейбіт мақсаттағы ядролық бағдарламасын тоқтата да алмайды. Бұл туралы бейсенбі күні ел Президенті Махмұд Ахмадинежад мәлім етті, деп хабарлайды ИРНА агенттігі.
None
None

«Біз кез-келген ығыттар мен санкцияларға теріс қараймыз. Және қоқан-лоқы айтылып, санкциялар енгізілгеннің өзінде қарсыластарымыздан «оларды тоқтатыңдар» деп жалынып сұрамаймыз, керісінше, қалыптасқан ахуалды өз игілігімізге пайдалануға талпынамыз», - деп атап көрсетті Иран Президенті өз сөзінде.

Оның айтуынша, санциялық режим, әлемдік экономикалық дағдарыстың салдарына аса бой бере қоймаған Иранды өз экономикасын қарқынды дамытуға мәжбүрлейді. «Егер бізге, мысалы, мұнай өнімдерінің жеткізілімі тоқтатылатын болса, біз оларды өзіміз өндіретін боламыз»,- деп атап көрсетті Ахмадинежад.

Ядролық бағдарламасын тоқтатпай отырған Тегранға қатысты жаңа санкциялар енгізу мәселесі бүгін, сәуірдің 9-ы күні БҰҰ штаб-пәтерінде өтетін «алтылық» кездесуінде қаралады. Ал бүгін Иранда - Ядролық технологиялардың ұлттық күні атап өтіледі.

Соңғы жаңалықтар