Санкт-Петерборда фашистік қоршау құрбандарын еске алу күні атап өтілуде
Осыдан 68 жыл бұрын дәл осы күні Невадағы қала жау құрсауында қалып, оның 900 күн мен түнге созылған ерлікке толы қорғанысы басталып еді.
Сонау сұрапыл жылдардағы дабыл бүгін таңғы сағат 11.00-де қала көшелерінде естілді. Соғыс жылдары әуе шабуылы мен артиллериялық шабуылдың басталғаны туралы дабыл 3 740 рет қосылған екен. Бүгін петерборлықтар дабылдан кейін қосылған атақты ленинградтық метрономның да дауысында естіді.
Дәстүр бойынша, қала бүгінгі атаулы күнді қоршау құрбандарын еске алудан бастады. Қоршаудағы Ленинградты қорғаған жауынгерлердің және қала тұрғындарының зираттарына, Жеңіс алаңындағы монументке, басқа да ескерткіштерге гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.
Соғыс жылдары крематорий болған Жеңіс саябағында ашық аспан астында діни ғибадат рәсімі орындалды. Сондай-ақ осындай ғибадат атақты Өмір жолының бойындағы, кезінде бірінші эвакуациялық госпиталь болған Кобон деревнясындағы Николай Чудотворец храмында да өтеді.