Санкт-Петерборда қасбетіне жарық түскен тұрғын үйдің тұрғындары шұғыл көшірілді
АСТАНА. Мамырдың 14-і. ҚазАқпарат - Бейсенбі күні Санкт-Петерборда қасбетіне жарық түскен тұрғын үйдің 500-ге жуық тұрғыны жедел көшірілді,
деп хабарлайды «Маяк» радиосы өңірлік төтенше жағдайлар министрлігіндегі дерек көзге сілтеме жасап.
Красногвардейский ауданындағы Косыгин атындағы көшеде орналасқан 20 қабатты үйдің қасбетіне жарық түсіп, қаптама кірпіштердің құлақ жатқаны туралы үйдің тұрғындары хабарлаған.
«Қазіргі уақытта оқиға орнында арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр. 500-дей тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді», - деп атап көрсеткен дерек көз, тексеруден кейін және жарылған жер бекітілгеннен соң адамдар пәтерлеріне қайта оралады.