Санжар Жұбанов Түркияның үстел теннисі клубымен келісімшартқа қол қойды
АСТАНА. KAZINFORM - Үстел теннисінен Қазақстан ұлттық құрамасының өкілі Санжар Жұбанов Түркияның «Samvet TTC» клубының намысын қорғайтын болды.
Самсун қаласының командасы Түркия Премьер-лигасында өнер көрсетеді және ел чемпионатының күміс жүлдегері саналады.
ҚР ҰОК мәліметінше, Санжар Жұбанов жаңа клуб сапындағы алғашқы ойынын қараша айында өткізеді.
Айта кетейік, бұған дейін Алан Құрманғалиев Францияның «Хеннебон» клубымен келісімшартқа қол қойған болатын.
Жібек Құламбаева Болгариядағы турнирде қарсыласын камбэкпен ұтқанын жазған болатынбыз.